Жақсылық жасап жарысайық!
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ! ✨
5 «Б» сынып оқушылары мен ата-аналары «Біртұтас тәрбие» жобасы аясында «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акцияның басты мақсаты – оқушыларға мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді дәріптеу. Бірлесе жасаған игі іс – балалардың жүрегіне жылулық ұялатып, өзгеге көмек көрсетуге деген құлшынысын арттырды.
Жақсылық жасау – үлкеннен үлгі, кішіге өнеге. Осындай игі шараларға атсалысқан барша ата-аналарға алғыс білдіреміз!
