Бүгін ұстаздарымызға кішкентай демалыс сыйладық
Бүгін ұстаздарымызға кішкентай демалыс сыйладық ?
Күнделікті үлкен жауапкершілік пен еңбектің арасында мұғалімдерге де жан тыныштығы қажет. Сол үшін біз арт-терапия ұйымдастырдық.
Бояулар арқылы көңілдегі сезімді шығарып, бір сәтке болса да бәрі баладай еркін болып, шынайы эмоциялармен бөлістік.
Өнер – тек сурет салу емес, ол жанды тыныштандыратын ерекше ем.
Ұстаздарымыздың жүзіндегі қуаныш біз үшін ең үлкен нәтиже болды.
Барша ұстаздарға алғысымыз шексіз! Сіздер – болашақтың шамын жағатын жандарсыздар
