Дастархан басындағы жиналыс
Дастархан БАСЫНДАҒЫ жиналыс
Дастархан БАСЫНДАҒЫ жиналыс
Кейде ең дұрыс жиналыс —қабырғаға қиғаш қойылған үстел мен қалың протоколдар емес,бір ғана ортақ дастархан.Шайы ыстық,шелпегі дәмді, әңгімесі жүректен шыққан жерде. Дастархан басында біз лауазым да, атақ та емеспіз —адамбыз. Бір-бірімізді шынымен тыңдаймыз,нан бөлісеміз,жанашырлық пен мейірім бөлісеміз.Сол сәтте мектеп — шынайы отбасыға айналады. Бұл — басшы болу емес. Бұл — лидерлік мәдениет. Диалогқа ашық болу,бір-бірінің сөзін сыйлау, әр адамның жүрегіндегі құндылықты ортақ үстелге алып келу. Осындай бірлік — ұжымның да, мектептің де алға жылжытатын күші.Өзара құрмет көрсеткен ұстаз —балаларға да дәл сондай үлгі болады: буллингті болдырмайды,бірлікке үйретеді,тәрбиені сөзбен емес, әрекетпен көрсетеді.Осындай көзқарасты өзімізге сіңіре отырып,біз бүкіл мектепті тәрбиелейміз.Өйткені тәрбие әрдайым адамдар бір-бірінің көзіне қарап сөйлескен жерден басталады, қағазбен емес — мейірім және шынайылық бар жерде .
